Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.11.2024
«Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша Ақылдастық кеңес
2024 жылдың 22 қарашасында Сулейман Демирель университетінде «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының мазмұнын талқылауға арналған Ақылдастық кеңес өтті. Бұл кеңес - әлеуметтік педагогика саласын дамытуға, оның қазіргі заман талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шара. Кеңес барысында білім беру бағдарламасын жетілдіру, оның құрылымдық мазмұнын жаңарту және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
Іс-шараға еліміздің түрлі білім беру және әлеуметтік ұйымдарының өкілдері, тәжірибелі педагогтар мен ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорлары м.а. Анар Алимбекова мен Асем Булшекбаевалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әлеуметтік педагогика бойынша жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу туралы ұсыныстар жасады.
Кеңеске аналар үйінің атқарушы директоры Ажаркүл Клышбаева, «SOS балалар ауылы» халықаралық білім беру мекемесінің директоры Динара Жунусова, Әлеуметтік инклюзивті білім беру орталығының директоры Салтанат Яковлева, №10 жалпы білім беретін мектептің директоры Шара Удуримова және университет ғалымдары белсене қатысты. Қатысушылар бағдарламаның сапасын арттыру мен оның еңбек нарығының талаптарына бейімделу жолдарын жан-жақты талқылады.
Қатысушылар әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелеріне тоқталып, оның қоғамдағы рөлін арттырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ білім беру бағдарламасының мазмұнын сапалы түрде жетілдіру үшін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу қажеттігі туралы ұсыныстар берілді.
Шара соңында қатысушылар Ақылдастық кеңес жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның тиімділігін атап өтті. Олар әлеуметтік педагогика саласын дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Кеңестің нәтижесінде білім беру бағдарламасын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар мен жоспарлар құрылып, алдағы уақытта тәжірибелік және ғылыми ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|