
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.10.2025
«Ерте балалық шақ педагогикасы және психологиясы» пәні бойынша «Ерте жаста ойынның дамуы» тақырыбында ашық сабақ 29.10.2025ж. күні 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс докторанты Кудайбергенова Сулушаш «Ерте балалық шақ педагогикасы және психологиясы» пәні бойынша «Ерте жаста ойынның дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Пән оқытушысы, п.ғ.к., қауымд.профессор Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбайқызы. «Ерте жаста ойынның дамуы» тақырыбындағы дәріс сабағының мақсаттары: «Ерте жастағы балалардың ойын әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздерін ашу, болашақ педагогтің кәсіби құзыреттерін жетілдіру және тиімді ойын ортасын ұйымдастыру қағидаларымен таныстыру». Сабақ 6B01204 – Мектепке дейінгі білім беру (IP) мамандығының 1 курс студенттерімен өткізілді. Дәріске жасалған презентация нақты, жүйелі, түсінікті болды. Сабақта интербелсенді тақтаны пайдаланып, түрлі ойын технологияларын қолдана білді. Сулушаш Кудайбергенова аудиториямен тығыз қарым-қатынас орната білді. Студенттер дәріске белсенді әрі қызығушылықпен қатысты. Докторанттың қойған сұрақтарына нақты, толық жауап беруге тырысты. Мұның өзі студенттердің жаңа материалды өз деңгейінде меңгергендігін көрсетті. Сабақ соңында студенттер өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады. Ашық сабаққа кафедраның ПОҚ п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қыяқбаева Ұ.Қ., п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Атемкулова Н.О., PhD, қауымдастырылған профессор Абилбакиева Ғ.Т., п.ғ.м., оқытушы Ауезова А. және докторант Омарбекова Ф. қатысып, сабақты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|