
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2025
Студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми-зерттеу конференциясы өтті 2025 жылдың 24 қарашасында «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы 80-ші ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Іс-шараға «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «6В01801 – Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының 1–4 курс студенттері, сондай-ақ «7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттары қатысты. Конференция барысында бағдарламада көрсетілген барлық баяндамалар комиссия мүшелері тарапынан тыңдалып, жан-жақты талқыланды. Комиссия мүшелері: Ұ.Қ.Қыяқбаева, А.К.Карекпаева, Н.О.Атемкулова, А.А.Алимбекова, А.И.Булшекбаева, А.Ж.Жакупова. Комиссия мүшелері қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын, зерттеу әдістерін қолдануда жаңа көзқарастар мен бағыттарды игергенін, сондай-ақ өз жұмыстарын ұсынуда креативті тәсілдерді тиімді пайдаланғанын ерекше атап өтті. Іс-шара қорытындысында үздік баяндама иелері марапатталып, жас зерттеушілерге ғылыми ізденістерін жалғастыруға бағыт-бағдар берілді. Конференция кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтып, студенттер мен магистранттардың зерттеу мәдениетін дамытуға маңызды үлес қосты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|