қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2025

Педагогикалық практиканың қорытынды есебі


Педагогикалық практика – болашақ педагогтердің кәсіби даярлығының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына, кәсіби құзыреттерін жетілдіруіне және педагогикалық іс-әрекетке бейімделуіне жағдай жасайды.Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2025 жылғы 2 қазанда күндізгі оқу бөлімінің 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 3-курс және 2-курс (3 жылдық) студенттері педагогикалық практиканы сәтті аяқтап, қорытынды конференция өткізілді.Конференцияны практиканы үйлестіруші Р.Е. Каримова ашып, педагогикалық практиканың болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы ерекше орны мен маңыздылығына тоқталды және студенттерді тәжірибені табысты аяқтауларымен құттықтады.Іс-шараға студенттер, әдіскерлер және практика жетекшілері қатысты. Конференция барысында студенттер бекітілген бағдарламаға сәйкес орындаған жұмыстарын таныстырып, қажетті құжаттарды (күнделік, педагогикалық портфолио) ұсынып, тәжірибе нәтижелерін таныстырылымдар, бейнематериалдар арқылы көпшілік назарына ұсынды.Педагогикалық практиканың тиімді жүзеге асуына балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері айрықша үлес қосқаны атап өтілді. Олар студенттер мен әдіскерлермен бірлесе әрекет етіп, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.Әдіскерлер студенттердің педагогикалық шеберлігін саралап, әрбір практиканттың кәсіби іс-әрекетіне талдау жүргізді. Қазақ бөлімінің студенттері Аида Алпысова мен Айдана Мараттың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде түрлі инновациялық әдістерді орынды қолдануы жоғары бағаланды. Бұл студенттердің сабақ жүргізуде заманауи педагогикалық технологиялар мен білім беру формаларын тиімді пайдалана алғанын көрсетті.Практика барысында студенттердің жұмысы оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес студенттердің жұмысы «Moodle» жүйесінде тіркеліп, тапсырмалар электронды форматта орындалып отырды.Студенттер күн сайын тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды жүйеге енгізіп отырса, жетекшілер олардың орындалуын бақылап, тиісті нұсқаулар беріп отырды. Әдіскерлер тарапынан сабақтарға талдау жасалып, кәсіби кеңестер берілді. Тәрбиешілер мен әдіскерлердің қолдауы студенттердің кәсіби бейімделуіне ықпал етті.Практика жетекшілері Р.Е. Каримова, Г.К. Ширинбаева, К.К. Шалгинбаева, А.И. Ахметова, Ғ.З. Таубаева, А.К. Айтпаева, Г.Т. Абилбакиева, А.А. Әуезова, Н.О. Атемкулова, М.А. Шауеновалар студенттердің кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін талдап, қорытынды баға берді.Жалпы, педагогикалық практика студенттердің теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетпен ұштастыруына, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне, педагогикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде студенттер педагогикалық іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде сенімді, өздерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін көрсете алды.
 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу