
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
24.11.2025
«Жасанды интеллект дәуіріндегі инклюзивті білім беру: педагогтер үшін инновациялар мен сын-қатерлер» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОВОРКИНГ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2025 жылдың 24 қарашасында Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі инклюзивті білім беру: педагогтер үшін инновациялар мен сын-қатерлер» атты халықаралық коворкинг өтті.Коворкингтің негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беру жүйесіне тиімді енгізу жолдарын айқындау, педагогтерге арналған инновациялық әдістерді талқылау және AI дәуірінде туындайтын кәсіби сын-қатерлерді еңсеру тәсілдерін көрсету.Коворкингті университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова ашып, инклюзивті білім беру мен жасанды интеллектті үйлестірудің заманауи білім беру жүйесі үшін стратегиялық маңызына тоқталды. Шара модераторы ретінде Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева сөз алып, бағдарламаның мазмұны мен мақсаттарына шолу жасады.Коворкинг жұмысына Гонконг Білім беру университетінің (EdUHK) профессорлары, отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, халықаралық ынтымақтастық өкілдері, жас зерттеушілер мен студенттер қатысты. Аталған іс-шара аясында Абай университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева құттықтау сөз сөйлеп, университеттің жаһандық ғылыми байланыстарын дамытудағы мұндай алаңдардың маңызын атап өтті. Сонымен бірге Педагогика және психология факультетінің деканы м.а., PhD, қауымдастырылған профессор Гүлмира Ниетбаева коворкинг қатысушыларын құттықтап, факультеттің инклюзивті білім саласындағы ғылыми және практикалық бастамаларын таныстырды. Спикерлердің баяндамалары жасанды интеллекттің инклюзивті білім беру саласындағы қолданылуы болды. EdUHK (Гонконг) профессоры Song Yanjie AI негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың эмоциялық саулығын жақсарту тәсілдерін таныстырса, EdUHK (Гонконг) қауымдастырылған профессор Yuen Chi Pun Kevin кішкентай балалардың шулы ортадағы тыңдау қабілетін бағалаудың жаңа технологиялық әдістерін ұсынды.Отандық ғалымдар да өзекті мәселелерді көтерді. Профессор Роза Бекмағамбетова болашақ тәрбиешілерді AI дәуірінде даярлаудың жаңа модельдерін қарастырса, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, профессор Айман Берікханова педагогикалық білім берудің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін инновациялық интервенциялар жөнінде баяндама жасады.SDU университетінің зерттеу орталығының жетекшісі Мәдина Сүлеймен сабаққа дайындалудағы «ойдағы білім алушы» моделін таныстырды. Ал ҚазҰҚПУ-дың бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Салтанат Нұрбекова мектепалды мен бастауыш буын арасындағы үздіксіз білім беру қағидаттарының бала дамуын қолдаудағы рөлін ашып көрсетті.Бағдарлама жас зерттеушілердің қатысуымен де толықты. 8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының докторанты Юлдуз Иминова playful learning әдістерін жасанды интеллектпен біріктіре отырып, балаларды қауіпсіздік ережелеріне инновациялық тәсілдер арқылы оқытудың мүмкіндіктерін ұсынды.Халықаралық коворкинг жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеге енгізудегі жаңа бағыттарды айқындап, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық әріптестік пен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|