қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2025

«Ғылыми зерттеу тақырыбының әдіснамалық және әдістемелік  құрылымы, логикасы» ғылыми-әдіснамалық семинар

 

2025 жылдың 4 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қадиша Шалғынбаева «Ғылыми зерттеу тақырыбының әдіснамалық және әдістемелік құрылымы, логикасы» атты ғылыми-әдіснамалық семинар өткізді. Семинарға «7М/8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.Іс-шараны кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева ашып, ғылыми зерттеу жүргізу кезеңіндегі әдіснамалық мәдениеттің, теориялық негіздеменің және зерттеу логикасының болашақ ғалымдар үшін маңыздылығын атап өтті. Магистранттар мен докторанттарға өз ғылыми ізденістерінде табыс тілеп, семинардың олардың зерттеу жұмыстарын жүйелеуге, ғылыми бағыт-бағдар алуға зор үлес қосатынын жеткізді.Семинардың негізгі мақсаты - магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруына әдіснамалық бағдар беру, зерттеу тақырыбының құрылымдық-логикалық жүйесін қалыптастыру қағидаларын меңгерту, сондай-ақ ғылыми аппараттың (мақсат, міндет, өзектілік, нысан, пән, болжау, әдістер) ғылыми талаптарға сай құрылуын түсіндіру.Профессор Қадиша Шалғынбаева ғылыми зерттеудің әдіснамалық тұғырлары, зерттеу мәселесін таңдаудың ғылыми негіздері, болжау құрудың ерекшеліктері, мақсат-міндеттерді айқындау, зерттеу нысаны мен пәнін нақтылау, зерттеу кезеңдерінің логикалық бірізділігін жобалау мәселелерін жан-жақты талдап берді. Сонымен қатар тыңдаушылармен интерактивті талқылау ұйымдастырылып, магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулеріне қатысты маңызды сұрақтар қарастырылды.Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының қатысуы семинар мазмұнын тереңдетіп, ғылыми пікірталас алаңын кеңейтті. Қатысушылар профессордың тәжірибеге негізделген әдіснамалық кеңестерін ерекше қызығушылықпен тыңдап, зерттеу жұмыстарын тиімді жоспарлау мен құрылымдаудың қыр-сырын меңгерді.Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жас зерттеушілердің ғылыми-әдіснамалық мәдениетін дамытуға, ғылыми жұмыстың құрылымдық-логикалық негіздерін сапалы қалыптастыруына үлкен серпін берді.

 

 

  alt=  

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу