
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
08.12.2025
«Қамқорлық арқылы Әлем: еріктілік және қайырымдылық» Студенттер арасында Бейсен Құранбек атындағы әлеуметтік-педагогикалық қорытынды байқауы
2025 жылғы 8 желтоқсанда Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің қолдауымен, «Мейірім» еріктілер клубының ғылыми-зерттеушілік және әлеуметтік-педагогикалық бағыттары бойынша студенттер арасында Бейсен Құранбек атындағы «Қамқорлық арқылы әлем: еріктілік және қайырымдылық» атты әлеуметтік-педагогикалық қорытынды байқауы өткізілді.Байқауды Педагогика және психология факультеті деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманғали Елмұрат және Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен «Мейірім» еріктілер клубының ерікті студенттері Халықаралық еріктілер күніне және Құранбек Бейсен Абайұлының туған күні қарсаңында ұйымдастырды.Байқаудың мақсаты: студенттер арасында Бейсен Құранбектің әлеуметтік-тұрмыстық, қайырымдылық риясыз қызметін насихаттау арқылы еріктілік қозғалысты дамыту.Қазылар алқасы құрамының төрағасы – Әлеуметтік даму жөніндегі проректор – Жақауов Мақсат Дөңесұлы, қазылар алқасы мүшелері Қазақстан ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» және «Қарақет» әлеуметтік ток-шоуының редакторы, радио және тележүргізуші – Мақсат Ержанұлы, «Жібек жолы» телеканалы, журналист, еріктілер лигасы журналист – Әбдіғаппар Сая Жаппарбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор оқытушысы – Малдыбаев Кәміл Бейсекенұлы.Қорытынды байқау турларының нәтижесі бойынша қазылар алқасы мүшелерінің көпшілік дауысымен таңдалған жобалар команда жеңімпаздары деп танылды.1,2,3 жүлделі орын алған және ерікті студенттердің барлық қатысушыларына Бас демеуші – Қазақстандағы Xerox корпорациясының уәкілетті Бизнес және сервис серіктесі, Алматы қаласы бойынша жедел полиграфия, дизайн және жарнама орталықтарының желісінің басшысы Виктор Бойко 300.000 теңге қаржылай сый ақы сертификатын ұсынды.Бірінші орын:- «Арнайы Support» командасы 6В01901-Арнайы педагогика (IP) мамандығы. 50.000 теңге.Екінші орын:- «Үміт шамы» командасы 6В01802 - Әлеуметтік педагогика (IP) мамандығы. 40.000 теңге- «Жан Тұғыры» командасы 6В01109-Психология (ІР) мамандығы. 40.000 теңге.Үшінші орын:- «Ізгі істер әлемі» командасы 6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру (IP) мамандығы. 30.000 теңге - «Шапағат» командасы 6В01308-Бастауыш білім беру (IP) мамандығы. 30.000 теңге Сондай ақ, Халықаралық еріктілер күніне орай, университеттің барлық белсенді ерікті студенттеріне де қаржылай сый ақы сертификаты табысталды. «Ең үздік еріктілер тобы» 55.000 теңге. «Ең үздік қайырымдылық жұмыс» 55.000 теңге «Мейірім» еріктілер клубы байқауды ұйымдастыруға қаржылай қолдау көрсет Алматы қаласы бойынша жедел полиграфия, дизайн және жарнама орталықтарының желісінің басшысы Виктор Бойко мырзаға өз құрметін зор алғысын білдіреді. Студенттер арасындағы Бейсен Құранбек атындағы әлеуметтік-педагогикалық қорытынды байқау «Мейірім» еріктілер клубының шығармашылық топтарының музыкалық өнер көрсетуімен және жеңімпаздарды құттықтауымен аяқталды. «Мейірім» еріктілер клубы
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|