қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2025

Global Skills Forum: болашақ педагогтарды даярлаудағы үздік тәжірибелер мен инновациялар» халықаралық форумы туралы

 

2025 жылы 27 қарашада №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде жұмысшы кәсіптері жылы аясында «Global Skills Forum: болашақ педагогтарды даярлаудағы үздік тәжірибелер мен инновациялар» атты халықаралық форум өтті.Форумның негізгі мақсаты – қазіргі заманғы білім беру жүйесінде және педагогтарды кәсіби даярлау үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануға арналған инновациялық тәжірибелерді анықтау, талдау және тарату.Аталған форумға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен А. Алимбекованың жетекшілігімен 6В01801 – Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Сәрсенғалиқызы Асылай «AI арқылы балаларға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіп факторларын ерте анықтау» тақырыбында мақала дайындады. Сондай-ақ, А. Булшекбаеваның жетекшілігімен 6В01801 – Әлеуметтік педагогика (IP) білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Досмағамбетова Алуа «Жасанды интеллект технологиялары және әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың этикалық нормалары» тақырыбында өз ғылыми баяндамасын ұсынды.Аталған форумға қатысу студенттердің жасанды интеллект технологияларын әлеуметтік-педагогикалық практикада қолдану бағытындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олар өздерінің ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіріп, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу арқылы болашақ кәсіби қызметіне қажетті өзекті білім мен тәжірибе жинақтады.

 

  alt=  

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу