қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2025

«Буллингті алдын алу: Тиімді әдістері мен тәжірибе» атты семинары

 

2025 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан  мектеп психологтар, әлеуметтік педагогтер және директордық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Буллингті алдын алу: Тиімді әдістері мен тәжірибе» атты  семинар өтті. Семинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) А.А. Алимбекова арнайы щақырылып, «Мектеп оқушылар арасында буллингті анықтауға арналған диагностика мен профилактикасы» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.  Сонымен қатар Әуезов ауданы ПБ ҚКҚ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.А. Арын «Қауіпсіз білім беру ортасы: гендерлік зорлық-зомбылықтың себептері, салдары және алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі өзекті мәселені көтерді. Семинар барысында тағы басқада спикерлердің буллинг, киббербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты белең алып тұрған мәселелер талқылынды.Семинардың мақсаты – мектеп оқушылары арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және тәрбие ісіне жауапты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, буллингті ерте анықтауға арналған диагностикалық әдістермен таныстыру, тиімді профилактикалық тәсілдер мен практикалық тәжірибелерді тарату, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолайлы психологиялық орта қалыптастыру жолдарын талқылау.Семинар барысында әлеуметтік педагогика мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда мектептерде кәсіби қызмет атқарып жүрген 2015, 2020, 2021 және 2025 жылдардағы түлектерімізбен кездесу және кәсіби тәжірибе алмасу ерекше әсер қалдырды.


  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу