қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2025

«Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасы

 

«Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша Ақылдастық кеңес 2025 жылдың 12 желтоқсанында Сулейман Демирель университетінде «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңғыртуға арналған Ақылдастық кеңес отырысы өтті. Аталған іс-шара әлеуметтік педагогика саласындағы білім беру мазмұнын заманауи талаптарға сәйкестендіру, оның сапасын арттыру және еңбек нарығының сұраныстарымен үйлестіру мақсатында ұйымдастырылды.Кеңес барысында білім беру бағдарламасының құрылымы, пәндік мазмұны, оқыту нәтижелері мен құзыреттер жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бағдарламаны халықаралық білім беру стандарттарымен үйлестіру, тәжірибеге бағдарланған оқытуды күшейту және инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу қажеттігі атап өтілді.Іс-шараға еліміздің әртүрлі білім беру ұйымдарының, әлеуметтік сала мекемелерінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар қатысты. Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, м.а. Анар Алимбекова мен Асем Булшекбаева әлеуметтік педагогтарды даярлаудың қазіргі тенденциялары туралы пікір білдіріп, оқу үдерісіне заманауи әдістемелер мен тәжірибелік бағыттағы технологияларды енгізу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.Қатысушылар әлеуметтік педагогиканың қоғамдағы маңызын, әсіресе әлеуметтік осал топтармен жұмыс жүргізудегі кәсіби дайындықтың рөлін ерекше атап өтті. Білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруде озық халықаралық тәжірибелерді бейімдеп енгізудің өзектілігі де кеңінен талқыланды.Ақылдастық кеңес қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленіп, алдағы кезеңде ғылыми және практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді. Қатысушылар кеңес жұмысының мазмұнды әрі нәтижелі өткенін атап өтіп, әлеуметтік педагогика саласын дамыту жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

 

  alt=  

  alt= 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=

  alt=  

  alt=  




Кері оралу