
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
30.09.2025
«Жас кәсіпкер Abai University» стартап жобалар байқауының жеңімпазы
2025 жылдың 30-қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас зерттеушілер мен профессор-оқытушылар құрамын бизнес-жобаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуға ынталандыру мақсатында «Жас кәсіпкер Abai University» стартап-жобалар байқауы өткізілді. Байқауда «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының оқытушысы Ауезова Айжан Әбілдақызы І орынды иеленді.«SMART балалар асханасы» жобасы ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру технологияларымен ұштастыра отырып, балалардың дербестігін, шығармашылық ойлауын және практикалық өмір дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Байқау барысында ұсынылған жоба қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, әлеуметтік және тұрмыстық дағдыларын дамытудағы өзектілігі ерекше атап өтілді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|