
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
11.12.2025
Мәскеу қаласының педагогикалық университеті өткізген дөңгелек үстел жұмысына қатысу
2025 жылдың 11 желтоқсанында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор, PhD докторы Гүлбану Абитова Мәскеу қаласының педагогикалық университетінде өткен С.А. Козлова атындағы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелде «Жоғары білім жүйесіне кадрлар даярлау аясындағы мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік өмірге бейімделуінің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, «Қарым-қатынас кеңістігі: жоғары топтағы балаларда soft skills дамуы эксперименттік тәжірибелер арқылы» тақырыбында сөз сөйледі.Дөңгелек үстел мектепке дейінгі балалардың әлеуметтендіру мәселелерін талқылау, цифрландыру дәуіріндегі мектепке дейінгі білім беру стратегиялары мен әлеуметтік тәжірибені дамыту үшін инновациялық педагогикалық әдістерді қолдану және балабақша білім беру сапасын бағалаудың жаңа модельдері мен құралдарын талқылауға арналған сәтті алаң болды.Ғылыми сапар барысында Гүлбану Абитова мен Мәскеу қаласының педагогикалық университетінің педагогика және психология институтының директоры, РАО академигі, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор А.И. Савенков пен УУМР басшысы А.С. Львовамен кездесу өткізіліп, 7М01202 – «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мультидисциплинарлық зерттеулер» атты қос дипломды білім беру бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру жөніндегі бірлескен қадамдар талқыланды.12 желтоқсанда «Замок детства» жеке балабақшасын аралау университет пен мектепке дейінгі ұйымдар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне айналды. Мұнда тәрбиешілердің балаларды дамытудағы табысты тәжірибелері көрсетілді. «Замок детства» Мәскеу облысында балаларды дамытуда инновациялық әдістемелік тәсілдерімен танымал, қазіргі заманғы жабдықтар мен әдістемелік әзірлемелерді үйлестіреді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Мәскеу қаласының педагогикалық университеті арасында жасалған меморандум аясында ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогикалық кадрларды даярлаудағы заманауи тәсілдер және қазақстандық және шетелдік еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелері талқыланды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|