
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
15.12.2025
The Education University of Hong Kong (EdUHK) университет ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмысының қорғауына қатысты
Қытайдың The Education University of Hong Kong (EdUHK) университетінің ғалымдары Prof. Yanjie Song және Dr. Yuen Chi Pun (Kevin Yuen), Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының 7М01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорғауына қатысып, рецензия берді.Профессор Song Yanjie магистрант Советова Айнұр Бахытқызының диссертациялық зерттеулеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, зерттеу сұрақтарын нақтылауда деректер жинау әдістерін таңдау, цифрлық педагогикаға қатысты модельдер мен құралдарды қолдану жөнінде кеңес берді.Dr. Yuen Chi Pun магистрант Жәдігерова Аққу Әліпбайқызының диссертацияның зерттеу дизайнын жетілдіруге, нәтижелерді интерпретациялауға ғылыми-тәжірибелік кеңес береді.Шетелдік ғалымдардың магистрлік диссертацияға рецензия беруі ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталады. Магистрлік ғылыми-зерттеу жұмысының қорғауына қатысуы ғылыми тәжірибе алмасуға және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|