
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
23.12.2025
«ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕЛЕР» БАЙҚАУЫ
2025 жылдың 23 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасында «Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы: тәжірибесі және стратегиялық перспективалары» атты халықаралық OPEN SPACE аясында «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер» байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Мектеп әлеуметтік педагогтерінің заманауи әлеуметтік-педагогикалық үдерісте қолданатын инновациялық тәсілдерін, тиімді технологиялары мен озық тәжірибелерін анықтау, тарату және кәсіби қауымдастықта өзара ынтымақтастықты нығайту. Байқаудың Әділ қазылар алқасының құрамы: 1. Г. Абдуллаева Г– п.ғ.к., доцент, Өркен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты. 2. Ұ. Қыяқбаева – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі. 3. А. Нурмахамбетова – Алматы қаласы, №153 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі. 4. А. Алимбекова – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы. 5. А. Булешкаева – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы. 6. С. Раймқұл – п.ғ.м., оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы. Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша марапатталады: Жеңімпаздарға диплом, алғыс хат және халықаралық OPEN SPACE сертификаттары беріледі. Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес, республикалық байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға бас жүлде және белгіленген номинациялар бойынша I, II, III дәрежелі дипломдар берілді. Бас жүлде - «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы республикалық байқаудағы үздік жұмысы үшін Абай облысы, Жаңасемей ауданы «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі - М.Бекеноваға берілді. I дәрежелі диплом иегерлері: «Әлеуметтік педагогикадағы үздік авторлық технология» номинациясы - Абай облысы, Жаңасемей ауданы «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі - М.Бекенова. «Инновациялық әлеуметтік-педагогикалық практиканың үздік моделі» номинациясы - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы «С.Жиренов атындағы негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогі - М.Сергазиева. «Кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы тиімді тәжірибесі» номинациясы - Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі - С.Батырбеков. «Цифрлық және жобалық шешімдерді тиімді қолданушы» номинациясы - Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс докторанты Б. Есенбаева. II дәрежелі диплом иегерлері: «Инновациялық әлеуметтік-педагогикалық практиканың үздік моделі» номинациясы - Түркістан облысы Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі - Ғ. Әшірханова «Кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы тиімді тәжірибесі» номинациясы - Алматы қаласы Әл-Фараби атыны4ндағы ҚазҰУ 2 курс докторанты І. Қуандықова «Инновациялық әлеуметтік-педагогикалық практиканың үздік моделі» номинациясы - Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс докторанты Р. Сүлейменова «Әлеуметтік педагогикадағы үздік авторлық технология» номинациясы - Алматы қаласы Әуезов ауданы, №122 мектебінің әлеуметтік педагогі Г. Танатарова.III дәрежелі диплом иегерлері: «Кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы тиімді тәжірибесі» номинациясы - Абай облысы, Үржар ауд. Жоғарғы Енсу уылы «Енсу орта мектеп бақшасының тәрбиешісі А. Шортанбаева және Абай облысы, №5 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі А.Адилбекова «Әлеуметтік педагогикадағы үздік авторлытехнология» номинациясы - Қонаев қаласы «Сарыбұлақ ауылындағы №8орта мектептің әлеуметтік педагогі Л. Омирсерикова. Барлық қатысушыларға байқауға белсенді қатысқаны үшін қатысушы сертификаттары және алғыс хаттар табысталды.Конкурс әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыру, инновациялық тәжірибелерін тарату және тәжірибе алмасу алаңдарын кеңейтуде ерекше маңызға ие болды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылатын кәсіби конкурстар әлеуметтік педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға, үздік тәжірибелер мен авторлық технологияларды анықтауға мүмкіндік берді. Аталған конкурсқа 12 әлеуметтік педагог қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелері мен инновациялық тәсілдерін ұсынды. Осыған орай, әлеуметтік педагогтерден осындай конкурстарды жыл сайын өткізу туралы ұсыныс ұсыныс түсті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|