
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
24.12.2025
«Жүректен жүрекке» акциясы Балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтау
2025 жылдың 24 желтоқсанында 6В01802 – «Әлеуметтік педагогика» (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінан құрылған «Лидер» клубының еріктілері және «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұ. Қыяқбаева, тәлімгерлер А. Алимбекова, А.И. Булшекбаева, С. Райымқұл №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып қайтты.Акцияның мақсаты: Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, қамқорлық пен жағымды атмосфера орнату, студенттерде адами құндылықтарды дамыту және оларды әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметке бейімдеу, сондай-ақ болашақ әлеуметтік педагогтердің еріктілік қызметке қатысу жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.Балалармен кездесуден студенттердің алған әсерлері: Кездесу барысында балалар мен студенттердің арасында жылы сөздер айтылып, жағымды қарым-қатынас орнады. Студенттер балалармен еркін әңгімелесіп, олардың көңіл күйін көтеруге, мерекелік атмосфера қалыптастыруға ерекше мән берді. Акцияға қатысқан студенттер балалардың шынайы қуанышы мен риясыз күлімдегенін көріп, ерекше әсер алды. Кездесу болашақ әлеуметтік педагогтер үшін кәсіби тұрғыдан ғана емес, адами тұрғыдан да үлкен тәжірибе болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|