қазақша · русский · english
 
 
 
19.01.2026

«Болашақ педагогтердің кәсіби мәдениетін дамытудағы ғылыми коммуникацияның рөлі» фокус-сессия


   2026 жылдың 19 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Қымбат Темирханова «Оқытудың когнитивтік әдістері негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ғылыми коммуникациялық дағдыларын дамыту» атты өзінің ғылыми зерттеу тақырыбының аясында, (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. А.И. Булшекбаева)  фокус-сессия ұйымдастырды.

Фокус-сессияның негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми коммуникация ұғымының мәнін түсінуіне және оны кәсіби мәдениет аясында қолдану қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Фокус-сессия 6В01204-Мектепке дейінгі білім беру білім беру (IP) бағдарламасының 1-курс студенттеріне өткізілді. Интерактивті іс-шара аясында қатысушы студенттер "ғылыми коммуникация" ұғымына байланысты концепт-карта құру әдісі, сондай-ақ «жазбаша және ауызша ғылыми коммуникация» тақырыптары бойынша топтық жұмыс, салыстырмалы талдау әдісі және пікірталас (дискуссия) әдісі ұйымдастырылды. Бұл әдістер білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, өз пікірін дәлелдеуге және ғылыми тілде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік бердіҚатысушылар ғылыми стильде еркін сөйлеу, өз ойын дәл және логикалық түрде жеткізу, зерттеу нәтижесін ғылыми форматта ұсыну бағытында жаңа білім мен тәжірибе алды. Іс-шара соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың ойлары тыңдалды. Іс-шара студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

 

  alt=  

   

   

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу