
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
19.01.2026
«Мектепке дейінгі психология практикумына кіріспе. Пәннің мақсаттары, міндеттері және тәрбиешіні даярлау жүйесіндегі орны» дәріс сабағы
2026 жылдың қаңтар айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде педагогикалық практика аясында 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Қымбат Темирханова (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. А.И. Булшекбаева) дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағы 6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру білім беру (IP) 1-курс студенттеріне өтті.Дәріс «Мектепке дейінгі психология практикумына кіріспе. Пәннің мақсаттары, міндеттері және тәрбиешіні даярлау жүйесіндегі орны» тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақ барысында білім алушыларға балалар психологиясының ғылым ретіндегі мәні, зерттеу объектісі мен пәні, негізгі бағыттары, баланың психикалық даму заңдылықтары, жас ерекшелік кезеңдері туралы жүйелі теориялық мәліметтер ұсынылды.Дәріс мазмұнында балалар психологиясының пайда болу тарихы, В.Прейер, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, И.П.Павлов сынды ғалымдардың ғылыми көзқарастары, сондай-ақ отандық ғалымдардың еңбектері қамтылды. Сонымен қатар баланың психикалық даму факторлары, психикалық үдерістердің (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, зейін, қиял, эмоция) қалыптасуы, сәбилік және мектепке дейінгі кезеңдердегі даму ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.Дәріс барысында интерактивті әдістер қолданылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу, талдау элементтері арқылы студенттердің танымдық белсенділігі арттырылды. Білім алушылар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізудің маңызын түсінді.Сабақ соңында білім алушыларға «3–2–1» кері байланыс әдісі қолданылды.Аталған әдіс білім алушылардың оқу мазмұнын саналы түрде қорытындылауына, өз пікірін еркін білдіруіне және докторантқа кері байланыс алуға мүмкіндік бердіАталған дәріс сабағы докторанттың педагогикалық шеберлігін жетілдіруге, педагогикалық тәжірибесін арттыруға және болашақ кәсіби қызметіне дайындалуына зор мүмкіндік берді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|