
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
25.11.2025
«Заттық дамытушы ортаны құру – болашақ тәрбиешілердің кәсіби дамуының негізі» ғылыми-әдістемелік семинары
2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Заттық дамытушы ортаны құру – болашақ тәрбиешілердің кәсіби дамуының негізі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар «8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының докторанты Разия Каримованың ғылыми зерттеу тақырыбы аясында, «Мектепке дейінгі ұйымның дамытушы ортасын жобалау» элективті курсы негізінде ұйымдастырылды. Ғылыми кеңесшісі – PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Анар Алимбекова.Семинардың негізгі мақсаты – болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны жобалау және құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін меңгерту, сондай-ақ студенттердің кәсіби ойлауын, ғылыми көзқарасын және практикалық дағдыларын дамыту болды.Ғылыми-әдістемелік семинарға «6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар барысында қатысушылар заттық дамытушы ортаның бала дамуына әсері, оның жас ерекшеліктеріне сәйкестігі, қауіпсіздік, қолжетімділік және вариативтілік қағидаттары бойынша интерактивті тапсырмалар орындап, тақырыпқа байланысты жобаның макетін жасап, пікір алмасуға белсенді қатысты.Сонымен қатар студенттер өздерінің шағын ғылыми жобаларын ұсынып, мектепке дейінгі ұйымдағы заттық дамытушы ортаны жобалау бойынша идеяларын ғылыми негізде қорғады. Ғылыми пікірталас барысында қатысушылар өз ойларын дәл, логикалық және ғылыми стильде жеткізу, зерттеу нәтижелерін жүйелі түрде ұсыну дағдыларын жетілдірді.Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, студенттердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Қатысушылар семинардың мазмұны болашақ кәсіби қызметтеріне қажетті теориялық білім мен практикалық тәжірибе бергенін атап өтті. Аталған ғылыми-әдістемелік семинар болашақ тәрбиешілердің кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды тәжірибелік алаң ретінде жоғары бағаланды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|