
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
22.01.2026
«Баланың тілін дамытудағы мультисенсорлық әдістің маңызы» воркшоп 2026 жылдың 22 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Дәуірбаева Дана Сәбитқызының «Ортаңғы топ балаларының мультисенсорлық әдістер негізінде байланыстыра сөйлеуін дамыту» атты өзінің ғылыми зерттеу тақырыбының аясында, (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. А.И. Булшекбаева) воркшоп ұйымдастырды. Воркшоп (workshop) 6В01204 – «Мектепке дейінгі білім беру» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне өткізілді. Воркшоптың негізгі мақсаты – студенттердің зерттеу тақырыбына деген қызығушылығын арттыру, олардың кәсіби және коммуникативтік дағдыларын дамыту болды. Воркшоп барысында білім алушылардың белсенділігін қамтамасыз ету мақсатында Call My Bluff әдісі қолданылып, студенттер өз ойларын жинақтап, пікір алмасуға тартылды. Сонымен қатар зерттеу тақырыбы бойынша дайындалған презентация ұсынылып, мазмұны бірлескен талқылау арқылы тереңдетілді. Студенттердің эмоционалдық сергектігін арттыру мақсатында «Мимика шоу» сергіту сәті ұйымдастырылып, нейрожаттығулар орындатылды. Бұдан кейін білім алушылар пазл құрастыру тапсырмасы арқылы топтық жұмысқа қатысып, воркшоптың практикалық бөлігін белсенді жалғастырды. Топтық жұмыстың келесі кезеңінде студенттер ватман қағаз бетіне ортаңғы топ балаларының байланыстыра сөйлеу тілінің дамуына әсер ететін факторларды өз қиялдары мен шығармашылық шешімдері арқылы бейнелеп көрсетті. Қолданылған әдістер студенттердің сыни ойлауын дамытуға, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге, ғылыми негізде ой қорытуға және топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Воркшоп нәтижесінде қатысушылар байланыстыра сөйлеу тілін дамыту мәселелері бойынша теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық тәжірибе жинақтады. Воркшоп соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды. Аталған воркшоп студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық алаң ретінде бағаланды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|