қазақша · русский · english
 
 
 
22.01.2026

«МЖСБ контекстіндегі тәрбиешінің кәсіби міндеттерін талдау» тақырыбындағы семинар

 

     2026 жылдың 22 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Дәуірбаева Дана Сәбитқызының «МЖСБ контекстіндегі тәрбиешінің кәсіби міндеттерін талдау» тақырыбында семинар (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. А.И. Булшекбаева)  ұйымдастырды.Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің МЖСБ (Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) талаптары аясында тәрбиешінің кәсіби қызметін терең түсінуіне жағдай жасау, олардың нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу, кәсіби талдау жүргізу және педагогикалық ойлау дағдыларын дамыту болды.Семинар барысында МЖСБ-ның құрылымы мен мазмұны талданып, тәрбиешінің кәсіби міндеттері, функциялары мен жауапкершілігі нақты мысалдар арқылы қарастырылды. Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті әдістер қолданылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу және жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Білім алушылар тәрбиешінің күнделікті кәсіби қызметінде кездесетін жағдайларды МЖСБ талаптарымен сәйкестендіре отырып талдады.Семинар барысында қолданылған әдістер студенттердің сыни ойлауын дамытуға, нормативтік құжаттарды кәсіби тұрғыда талдай білуге, өз пікірін нақты және дәлелді түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Семинар қорытындысында студенттер тәрбиешінің кәсіби міндеттері туралы теориялық білімдерін тереңдетіп, болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық түсінік қалыптастырды. Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, студенттердің алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды.

 

  alt=  

   




Кері оралу