
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
26.01.2026
«NEURO-CREATOR: ТІЛ, МИ ЖӘНЕ EQ» ХАКАТОНЫ
2026 жылдың 26 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Өтегенова Е.Қ., 2-курс докторанты Капсанова Г.Б. ғылыми зерттеу тақырыптарының аясында (ғылыми кеңесшілері PhD., қауымд.профессор м.а. А.И.Булшекбаева; PhD., қауымд. профессор Г.Т.Абитова) хакатон ұйымдастырылды. Хакатон 7М01201/8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары мен докторанттарына өткізілді. Шараны салтанатты түрде мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі У.К.Кыякбаева ашып, сөз сөйледі. Кафедра меңгеруші өз сөзінде қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласындағы нейропсихология мен эмоционалды интеллектінің маңыздылығына тоқталып, болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарының ғылыми-практикалық ізденістеріне сәттілік тіледі. Хакатон жас ғалымдар үшін тек жарыс емес, заманауи баланың танымын дамытуға арналған нақты әдістемелік құралдарды әзірлеу алаңы екенін атап өтті. Аталған шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымд.профессор У.К.Кыякбаева және п.ғ.д., профессор Р.К.Бекмагамбетова, п.ғ.к., профессор Г.З.Таубаева, п.ғ.к., қауымд.профессор Н.О.Атемкулова PhD., қауымд.профессорлары Г.Т.Абитова, А.А.Алимбекова, А.И.Булшекбаева, PhD доктор А.И.Ахметова, С.Ж.Еркебаева, магистр А.А.Ауезова құрамы қатысып, өздерінің оң бағасын берді.Хакатонның негізгі мақсаты - нейролингвистикалық жаттығулар мен эмоционалды интеллект (EQ) құралдары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған авторлық ойын модельдерін дайындау болды. Бұл шара докторанттар мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін ашып, цифрлық және педагогикалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар зерттеу тақырыбы бойынша дайындалған презентация ұсынылып, мазмұны бірлескен талқылау арқылы тереңдетілді.Қатысушылар алты динамикалық кезеңнен өтіп, өз шеберліктерін көрсетті. Identity & Brainstorming кезеңінде топтар өз эмблемаларын жасап, «жұмбақ қораптан» шыққан қарапайым заттар арқылы баланың миын іске қосудың креативті жолдарын ұсынды. Insight & Neuro-EQ Lab бөлімінде ми мен эмоция туралы шағын дәріс оқылған соң, магистранттар мен докторанттар нақты бағыттар бойынша цифрлық ойын модельдерін құрастырды.Smart Pitching кезеңінде әр топ өздерінің авторлық ойын модельдерін қорғап шықты. Шара соңында қатысушылар Padlet платформасы арқылы өз әсерлерімен бөлісіп, заманауи білім берудегі нейроәдістердің маңыздылығын жоғары бағалады. Бұл хакатон - ғылым мен практиканың тоғысқан жері, болашақ мамандардың мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарайтынының айқын дәлелі болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|