
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
27.01.2026
Педагогикалық практика аясында магистранттарға дәріс өткізілді
2026 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Береке Мүтәліпова (ғылыми кеңесші, п.ғ.к., доцент Г.З.Таубаева) 7М01200 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі» пәні бойынша «ЖОО-да оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында ашық практикалық сабақ (пән оқытушысы п.ғ.к., доцент Г.З.Таубаева) өткізді. Сабақтың мақсаты магистранттардың жоғары оқу орнында қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің теориялық негіздерімен және практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін дамыту. Докторант Б.Мүтәліпова сабақта магистранттардың танымдық белсенділіктерін арттырумен қатар, интерактивті әдістерді (пікірталас, «Миға шабуыл», «Аквариум»,) пайдаланды, сонымен қатар магистранттарға ситуациялық тапсырмаларды case-study әдісі арқылы шешуге мүмкіндік берді. Аталмыш білім бағдарламасының магистранттарымен топтық жұмыстар арқылы олардың іздемпаздығы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды көздеді. Қолданылған әдістер студенттердің сыни ойлауын дамытуға, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге, ғылыми негізде ой қорытуға және топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Практикалық сабақ соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|