
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.01.2026
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдеби жанрларының дамытушылық, білімдік және тәрбиелік маңызы
2026 жылдың 29 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Жауқасын Әлібекқызы (ғылыми кеңесші – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Ахметова А.И) 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Балалар әдебиеті» пәні бойынша «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдеби жанрлардың (ертегі, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтел, жұмбақтар мен жаңылтпаштар т.б.) дамытушылық, білімдік және тәрбиелік маңызы» тақырыбында ашық практикалық сабақ (пән оқытушысы п.ғ.к., доцент Г.З.Таубаева) өткізді. Сабақтың мақсаты – болашақ мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің халық ауыз әдебиеті жанрлары туралы теориялық білімдерін тереңдету, оларды мектеп жасына дейінгі балалардың тілін, ой-өрісін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуда тиімді қолдану жолдарын меңгерту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік әлеуетін кәсіби тәжірибеде пайдалануға бағыттау. Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында студенттерге бейджиктер таратылып, олар бейджикке есімдерін жазып, өздері туралы қызықты деректермен бөлісті. Бұл тапсырма топта жағымды психологиялық ахуал орнатуға ықпал етті. Практикалық сабақ барысында интерактивті оқыту әдістері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда: топтық жұмыс, миға шабуыл, талдау және салыстыру әдісі, пікірталас, шығармашылық тапсырмалар. Студенттер халық ауыз әдебиеті жанрларының тәрбиелік, білімдік және дамытушылық мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы талдап, оларды мектепке дейінгі білім беру үдерісінде қолданудың әдістемелік жолдарын ұсынды. Сабақ барысында теория мен практиканың өзара байланысы сақталып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Сабақтың соңында студенттердің әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында әдеби кітаптар таратылды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|