қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2026

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу -білім беру үдерісінде балалар әдебиетін пайдаланудың маңызы талданды

 

   2026 жылдың 27 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Джанегизова Улсая Сабирхановнаның (ғылыми кеңесшісі философия докторы (PhD), профессор Манкеш А.Е.) педагогикалық практика аясында 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін «Балалар әдебиеті» оқу пәнінде «Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы» тақырыбы бойынша практикалық (пән оқытушысы, п.ғ.к., доцент Г.З.Таубаева) сабақ өткізілді.

Практикалық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінің қалыптасуындағы тарихи, тәрбиелік және көркемдік маңызын терең түсіндіру, ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, бесік жыры) мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін, ойлауын және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда тиімді қолдану жолдарын меңгерту.Практикалық сабақ барысында халық ауыз әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері талданып, олардың балалар психологиясына, жас ерекшеліктеріне сәйкестігі нақты мысалдар арқылы қарастырылды. Студенттермен топтық және жұптық жұмыстар орындалып, әрбір ауыз әдебиеті жанрының тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда сараланды. Практикалық сабақта интерактивті әдістер қолданылып, студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында сұрақ-жауап, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылды.6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері  ауыз әдебиеті үлгілерін мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру үдерісінде пайдалану жолдарын ұсынып, өз ойларын дәлелді түрде жеткізді. Сабақ қорытындысында студенттер халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінің негізі екендігін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда түсініп, болашақ кәсіби қызметінде ұлттық құндылықтарды тиімді қолдануға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырды. Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, студенттердің алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды.  

]

  alt=  

   

   




Кері оралу