
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
04.02.2026
Педагогикалық практика аясында ашық дәріс сабағы өткізілді 2026 жылдың 04 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Кудайбергенова Сулушаш Қаскырбаевна (ғылыми кеңесшісі п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Н.О.Атемкулова) педагогикалық практика аясында 6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі» пәні бойынша «Әртүрлі жас топтарына қимылды ойындарды өткізу әдістемесі» тақырыбында ашық дәріс сабағын (пән оқытушысы магистр, аға оқытушы Ауезова Айжан Абилдаевна) өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі жас топтарына сәйкес қимылды ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі туралы студенттердің теориялық білімін қалыптастыру. Докторант С.Кудайбергенова сабақта интербелсенді оқыту әдістерін кеңінен пайдаланып, түрлі ойын технологияларын қолданды. Дәрісте қолданылған әдістер студенттердің сыни ойлауын дамытуға, өз пікірін нақты және дәлелді түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Дәріске 60 студент қатысты. Дәрісте берілген материал нақты, жүйелі, түсінікті және қызықты болды. Студенттер дәріске өте жоғары белсенділік танытып, әрі қызығушылықпен қатысты. Докторанттың қойған сұрақтарына нақты, толық жауап беруге тырысты. Мұның өзі студенттердің жаңа материалды өз деңгейінде меңгергендігін көрсетті. Сулушаш Кудайбергенова аудиториямен тығыз қарым-қатынас орната білді. Ашық дәріс сабағының соңында студенттер мынадай нәтижеге қол жеткізді: мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қимылды ойындардың түрлерін ажырата алды және қимылды ойындарды ұйымдастырудың негізгі әдістемелік талаптарын түсініп, әр жас тобына арналған қимылды ойындарды таңдаудың педагогикалық негіздерін меңгерді. Сонымен қатар болашақ кәсіби қызметінде қимылды ойындарды тиімді қолдану жолдарын анықтады. Соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың алған әсерлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сабаққа қойылған мақсаты толық орындалды. Студенттер тақырыпты меңгеріп, кәсіби бағытта қолдана алатын теориялық білім алды. Ашық дәріс сабағы мазмұнды, әдістемелік талаптарға сай және нәтижелі өтті. Ашық сабаққа кафедраның төмендегі профессор оқытушылар құрамы қатысты: кафедра меңгерушісі п.ғ.к., қауымд. профессор Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна, п.ғ.д., профессор Шалғынбаева Қадиша Қадыровна, п.ғ.к., қауым. проф. (доцент) Атемкулова Назира Омаровна, доктор PhD, қауым. проф. (доцент) м.а. Абилбакиева Ғ.Т., магистр, аға оқытушы Ауезова Айжан Абилдаевна, магистр, аға оқытушы Асанханова Жанна Жеткербайқызы, докторант Омарбекова Фарида қатысып, сабақты талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|