
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
05.02.2026
«Цифрлық педагогика және мектепке дейінгі білім берудегі когнитивтік технологиялар» пәні бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті құралдарды пайдалану» тақырыбында ашық сабақ
05.02.2026ж. күні 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс докторанты Эльмира Айтжанова «Цифрлық педагогика және мектепке дейінгі білім берудегі когнитивтік технологиялар» пәні бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті құралдарды пайдалану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Практика жетекшісі: п.ғ.к., қауымд.профессор Қыяқбаева Ұлбосын Пән оқытушыcы: философия докторы (PhD), қауым.профессор м.а. Абилбакиева Галия Сабақтың мақсаты: Магистранттардың интерактивті және дамытушы бағдарламаларды құру үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру, балалардың жан-жақты дамуына және олардың одан әрі оқуға дайындығына ықпал ету. Сабаққа 7М01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1курс және 2 курс студенттері қатысты. «Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті құралдарды пайдалану» тақырыбында презентация дайындалып, дәріспен басталған сабақ, практикалық сабаққа ұласты. Магистранттар топқа бөлініп, әртүрлі сайттардың көмегімен ертегілер мен ойындар құрастырды. Магистранттар сабаққа қызығушылық танытып, белсенді түрде өз пікірлерімен бөлісіп отырды.Ашық сабаққа пән оқытушысы Абилбакиева Галия Тұрысбекқызы қатысты. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, талдау жұмыстарымен аяқталды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|