
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
09.02.2026
AQYL QUIZ
2026 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Өтегенова Е.Қ. ғылыми зерттеу тақырыбының аясында (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд.профессор м.а. А.И.Булшекбаева) классикалық куиз ұйымдастырды.Студенттердің академиялық үлгерімін ғана емес, сыни ойлау, тапқырлық және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында зияткерлік-танымдық куиз 6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне өткізілді.Ойынның құрылымы білім алушылардың когнитивті қабілеттерін жан-жақты тексеруге бағытталған 4 (жаттығу, ойлан, медиа, бәс) жүйелі кезеңнен тұрды. Сұрақтар ауқымы университет пен кафедра тарихын, мектепке дейінгі педагогика, психология, Ахмет Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдемелері, Нәзипа Құлжанова, қазақ балабақшасының анасы Бәшен Баймұратова және т.б. сөйлеу тілі мен коммуникативтік дағдыларды дамыту тақырыбындағы логикалық тапсырмаларға негізделді. Бірінші «Жаттығу» кезеңінің негізгі мақсаты - қатысушылардың ойлау процесін жеделдету және психологиялық тұрғыдан жарысқа бейімдеу болды. Тапсырмалар репродуктивті сипатта болып, студенттердің ақпаратты жедел еске түсіру және реакция жылдамдығы тексерілді. «Ойлан» аналитикалық екінші кезеңінде қатысушыларға логикалық байланыстарды анықтауды қажет ететін күрделі мәселелік сұрақтар қойылды. Бұл кезең студенттердің функционалдық сауаттылығы мен стандартты емес ситуацияларда шешім табу біліктілігін айқындады. «Медиа» кезеңі заманауи ақпараттық кеңістіктегі медиасауаттылық пен мәдени көкжиекті тексеруге бағытталды. Қатысушылар визуалды бейнелерді, кинематографиялық үзінділерді және музыкалық фрагменттерді табу арқылы өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Сайыстың қорытынды кезеңі «Бәсте» қатысушы топтар өздерінің жинақтаған ұпайларын бәске тігу арқылы тәуекелге бару стратегиясын таңдады. Бұл кезең қатысушылардың стресстік жағдайда ұтымды шешім қабылдау және болжам жасау қабілетін бағалауға мүмкіндік берді. Тартысты өткен куизде студенттер тек білімдерін сынап қана қоймай, командамен жұмыс істеуді, ұйымшылдықты көрсете білді. Жеңімпаз топтар дипломмен марапатталып, кафедраның қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласқаны үшін алғысқа ие болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|