
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
09.02.2026
«Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы және жас ерекшеліктері» тақырыбындағы дәріс 2026 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы 8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Дәуірбаева Дана Сәбитқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы және жас ерекшеліктері» тақырыбында дәріс (ғылыми кеңесшісі PhD., қауымд. профессор м.а. А.И. Булшекбаева) өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуының заңдылықтарын, жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелеу мен оқыту үдерісіндегі маңызын терең түсінуіне жағдай жасау болды. Дәріс барысында балалардың танымдық процестері (қабылдау, ойлау, ес, зейін, қиял), эмоционалдық-жеке тұлғалық дамуы мен мінез-құлық ерекшеліктері жас кезеңдеріне сәйкес қарастырылды. Дәріс мазмұнында ерте, кіші, орта және ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының негізгі сипаттамалары талданып, олардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы рөлі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап, пікір алмасу, жағдаяттық тапсырмалар және практикалық талдаулар қолданылды. Білім алушылар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық жағдайларды психологиялық тұрғыдан талдады. Дәріс барысында қолданылған әдістер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, баланың психикалық дамуын кешенді түрде түсінуге және педагогикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Дәріс қорытындысында студенттер мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен жас ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеп, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға қажетті практикалық түсінік қалыптастырды. Соңында «Психикалық ақуал: өзіңе керегін ал!» кері байланыс ұйымдастырылып көңілді қорытындыланды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|