қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2024

«Миға шабуыл» интеллектуалды конкурсы


2024 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының математика және математикалық модельдеу кафедрасын ұйымдастыруымен «Ғылыми бағыттағы математика» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Миға шабуыл» зияткерлік байқауы өткізілді. Іс - шара  4-13 сәуір аралығындағы Ғылым декадасы - 2024 аясында ұйымдастырылды. Сайысқа қауымдастырылған профессор Шияпов Қ.М. Институт директорының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нұрмұхамедова Ж.М., аға оқытушы Бекенаева Қ.С. қазылық етті.


1 курс студенттерінен құралған 7 топ қатысқан сайыс өте қызықты, тартымды өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделер табысталды. 1 орынды МЕК-239 топтан құралған «Пифагор» командасы, 2 орынды МЕК-236 топтан құралған "Ellipse" командасы алса, 3 орын МЕК-234 топтан құрылған "Eight" командасына тиесілі болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу