қазақша · русский · english
 
 
 
08.06.2020

Физика кафедрасының ПОҚ ТОП-50 ұлттық рейтингі


Білім беру жүйесін дамыту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру тұрғысынан, рейтингтер мен оларды мойындау біздің елімізде ерекше маңызға ие. Әсіресе, біздің университетіміз үшін де, атап айтқанда, физика кафедрасы үшін де ұлттық рейтинг маңызды болып табылады.


Сонымен, саралау қорытындысы бойынша Физика кафедрасының қызметкерлері математика, физика және информатика институтының физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Косов Владимир Николаевич және ф.-м. ғ. д., профессор Купшичин Анатолий Иванович Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының топ-50 ПОҚ ұлттық рейтингіне енді.


Бұл жетістікті мақтан тұтамыз және профессор В. Н. Косов пен профессор А. И. Купшичинді Қазақстанның жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының қатарына қосылуымен құттықтаймыз.


Кафедра ұжымы әріптестерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық пен жұмыста шығармашылық табыс тілейді.

 

   

 

   




Кері оралу