қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2022

Team building форматындағы физиктердің түрлі-түсті мерекелік іс-шарасы

 

2022 жылғы 26 қарашада «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Team building» форматында физиктерде түрлі-түсті мерекелік іс-шара өткізілді.


Мерекелік кеш барысында студенттер Атомдық физика бөлімі бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, қазылар алқасының шешімімен үздік шыққандар анықталып, сыйлықтар берілді.


«Атом және атом ядросының физикасы» пәнінен 1-аралық бақылауға ФЕК-201, 202, 203, 204, 205, 206, 207 топ студенттері пән бойынша тақырыптарға видеолар жасаған болатын. Барлық студенттерді қамту мақсатында әрбір топ ішінде командалар құрылды. Видео жасаған студенттердің еңбектерін бағалау үшін видеоматериалдар бойынша конкурс ұйымдастырылып, әр топтан үздік шыққан студенттер І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ең креативті, ютубта көп қаралымға ие болған видеоға Бас жүлде тағайындалды. Бас жүлдені ФЕК-204 тобының студенттері Тулабек Акбота, Шамихан Арайлым, Юсуп Акмаржан, Эмбиева Мовсум иеленді.


Марапаттарды Математика, физика және информатика институтының директоры Сыдыков Б.Д., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухашев Ж.Е. табыстады.


Студенттердің көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Цветная вечеринка» ұйымдастарылды. Ойын шарты бойынша әр топ жеребе арқылы таңдалған түске сәйкес тіскебасарлар мен сусындар әкелді. Студенттердің көңіл-күйдері көтеріліп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.


Кеш модераторлары - «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстыгулова В.Б. және оқытушы Султанова К. Ж.


Әділ қазы алқалары - кафедра оқытушылары Алиева М.Е., Джаксигельдинова Э.А., Кемелжанова С.Е., Мейманкулова С.С.

 

Мерекелік кештің видеосын мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtu.be/Ga-qYQEPEts.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=    alt=  

 




Кері оралу