қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің марапаты


2023 жылғы 25 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің атынан төс белгілермен, Құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Министр атынан ведомстволық грамоталарды ректор Дархан Біләлов тапсырды. Отандық және әлемдік ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының профессоры Қ.Бисембаев және университеттің қауым. профессоры Ж. Битибаева марапатталды.


Құрметті әріптестер! Сіздерді жоғары жеке және кәсіби қасиеттеріңізді тікелей растайтын лайықты марапатқа ие болғандарыңызбен құттықтаймыз. Одан әрі табысты өмір жолын, ойластырылған мақсаттардың орындалуын, ауқымды мақсаттардың тезірек іске асырылуын және еліміздің өркендеуі үшін жемісті ғылыми жұмыстар тілейміз!

 

  alt=  




Кері оралу