қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2023

Физикалық олимпиада - 2023

 

2023 жылғы 9 ақпанда «6В05302 - Физика», «6В01504 - Физика», «6В01506 - Физика-информатика» білім беру бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттер арасында олимпиада өтті. Іс-шараны Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы ұйымдастырды.

 

Қатысушылар үшін оқу курстарына байланысты әр түрлі қиындықтары бар екі нұсқадағы тапсырмалар ұсынылды, бұл студенттерден үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ойлауды талап етті.


Олимпиаданың I және II тур нәтижелері бойынша:

І-орын: Сагидулла Адилет (ФИК-211); ІІ-орын: Батыр Абай (ФЕК-201), Хожахмет Меруерт (ФЕК-225); ІІІ-орын: Абсаттарова Наргиза (ФЕК-225), Якубжанова Наргиза (ФЕК-225), Гюльагаев Биналы (ФЕК-225)

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар олимпиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтайды, оқуда одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!

 

  alt=  




Кері оралу