қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2023

«Үздік ғылыми жоба» байқауы


2023 жылғы 5 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Математика, физика және информатика институтының «Физика» кафедрасы «Физика» мамандығының студенттері арасында «Үздік ғылыми жоба» байқауын өткізді.

 

Модератор - «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Б. Рыстыгулова.Қазылар алқасының құрамында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Оразбеков, профессорлар Қ.Б.Бисембаев және Д.М.Казакбаева болды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері - «Физика» кафедрасының оқытушылары К.Ж.Сұлтанова және М.Е.Алиева.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен ФЕК-205 тобының студенті Нариманова Ирадам; ІІ дәрежелі дипломмен ФЕК-206, ФЕК-203 тобының студенттері Рахтаева Аяжан, Жалишова Мехриниса; ФЕР-211 тобының студенті Колтаков Михаил; ІІІ дәрежелі дипломмен ФЕК-202 тобының студенттері Бітімбай Малика, Өмірханқызы Ұлдана, ФЕК-202 тобының студенттері Дәулетқызы Сәния, Есетова Жания, ФЕК-202 тобының студенттері Есениязқызы Мадина, Даулеткелді Ақпейіл марапатталды.

Студенттер байқау барысында түрлі қызықты жобалармен баяндамаларын жасады. Аналитикалық есептеу арқылы жүргізілген зерттеулер, эксперименттік нәтижелер қорытындысы, демонстрациялық тәжірибелермен өз зерттеулерін көрсетті, физикалық есептерді программалаудың есептеулерін көрсетті. Студенттер ақпараттық технологияны меңгерген және оны физикалық процестерді түсіндіру үшін қолдануда өз шеберліктерін көрсетті. Студенттер ғылыми жобаны қорғау кезінде мәселенің өзектілігін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негіздеп, терең білімдерін көрсетті, сондай-ақ өз зерттеулерінің перспективаларын ұсынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу