қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2023

Шетелдік профессормен жемісті ынтымақтастық

 

2023 жылғы 3 қазанда Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева Отто фон Герикке университетінің (Германия) профессоры Альтенбах Хольммен (Altenbach Holm) кездесті. Шетелдік қонақ - материалдар мен конструкциялар механикасы, конденсацияланған күй физикасы саласындағы белгілі ғалым, «Zamm - Journal of Applied Mathematics and Mechanics / Zeitschrift für angewandte Mathematik und Mechanik» ғылыми журналының бас редакторы, Еуропалық механика қауымдастығының мүшесі, Ресей ғылым академиясының және Украинаның ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі.

 

Әңгіме барысында екі университеттің ынтымақтастық тәжірибесін пайдалана отырып, физика саласындағы магистранттар мен докторанттарды даярлау мәселелері талқыланды. Ғылыми кадрларды даярлау барысында ғылыми алмасулар мен өзара іс-қимыл жүргізудің маңыздылығына назар аударылды.Кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназар және физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов қатысты.

 

  alt=  




Кері оралу