қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2023

Магдебург университетінің профессоры Холм Альтенбах дәріс тыңдаушыларын марапаттады


2023 жылдың 19 қазанында Магдебург университетінің профессоры Холм Альтенбахтың дәріс курсы аяқталды. Дәрістер механика мен материалтанудың өзекті тақырыптарына арналды. Оның белсенді тыңдаушылары Математика, физика және информатика институты «7М05302-Физика» мамандығының 1 курс магистранттары мен «8D05302-Физика» мамандығының докторанттары болды.

 

Профессор Холм Альтенбах университет басшылығына, тыңдаушыларға алғысын білдірді. Жас мамандар мен магистранттарға ғылым мен білім беруде табыс тілеп, одан әрі ынтымақтастық туралы тілек білдіріп, сертификаттар табыс етті.

 

  alt=  




Кері оралу