қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2023

78-ші дәстүрлі студенттер мен магистранттар конференциясы

 

2023 жылдың 17 қарашасында Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы студенттер мен магистранттардың 78-ші жыл сайынғы дәстүрлі конференциясын өткізді. Оған кафедраның «6В05302-Физика» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттері және «7М05302-Физика» білім беру бағдарламасының 1-2 курс магистранттары белсенді қатысты.

 

Конференцияның басты мақсаты - білім алушылардың ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулер саласындағы білімді байыту, ғылыми ойлауын және өздерінің ғылыми хабарламаларын көпшілікке жеткізу дағдыларын дамыту.

 

Профессор-оқытушылар құрамынан құралған комиссия мүшелері баяндамашылардың еңбектері мен олардың ғылымға деген қызығушылығын жоғары бағалады.

 

Конференцияда жоспарланған мақсаттарға толығымен қол жеткізгені атап өтілді. Студенттер мен магистранттар теориялық, эксперименттік және практикалық дайындықтан өтті. Физика кафедрасының атқарған жұмысы жас мамандардың ғылым жолындағы шеберлігін арттыруға және мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз!

 

Магистранттар:

ІІ дәрежелі Диплом: МФЕК 221, Жұмырбаева Б.;

ІІ дәрежелі Диплом: МФЕК 221, Теміржанова А.;

ІІ дәрежелі Диплом: МФЕК 221, Байчапанова А.;

ІІІ дәрежелі Диплом МФЕК 231, Хайтбаева С.;

ІІІ дәрежелі Диплом: МФЕК 221, Тоқтасын Қ., Нұрдаулеткызы В.;

ІІІ дәрежелі Диплом: МФЕК 221, Амангелді Ә.

 

Студенттер:

І дәрежелі Диплом: ФОА 201, 4 курс, Абдиханова Ақнұр, Абилхаш Жания, Алтынбек Жібек;

І дәрежелі Диплом: ФЕК 201, Болатова Дана, Есениязқызы Мадина, Даулетқызы Сания;

ІІ дәрежелі Диплом: ФОА 201, Нысанбайева Инара, Шарапова Аида, Жеңіс Бүлдіршін;

ІІІ дәрежелі Диплом: ФЕК 207, Сералиева Алтынай, Серікбол Айгерим;

ІІІ дәрежелі Диплом: ФЕК 207, Серік Алтын, Сейтмахан Балсая;

ІІІ дәрежелі Диплом: ФЕК 201, Әбумүкәр Шұғыла, Әкім Ұлпан, Бекенов Жандос, Жалишова Мехринса.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу