қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2024

Физикалық олимпиада - 2024

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «6В05302 - Физика», «6В01504 - Физика» білім беру бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттер арасында олимпиада өтті. Іс-шараны Математика, физика және информатика факультетінің физика кафедрасы ұйымдастырды.

 

Қатысушылар үшін оқу курстарына байланысты әр түрлі қиындықтары бар тапсырмалар ұсынылды, бұл студенттерге үлкен жауапкершілік тұрғыда қалыптасуға және шығармашылық ойлауға көмектеседі.

 

Олимпиаданың I және II тур нәтижелері бойынша:

І-орын: Орынбасар Мурат ФОК-233); ІІ-орын: Қорғанбекова Аида (ФОК-232), Жүсіпбек Дәуір (ФЕК-234), ІІІ-орын: Асқар Аяулым (Фек 231), Бақтиярқызы Жайна (ФЕК 232), Айтжанова Жанбота (ФЕК 231). 

Алғыс хатпен: Аскар Аяулым ФЕК 231, Амангельдиева Аяжан ФЕК 231, Жаулы Алтынай ФЕК 234, Зарлыков Шахмардан (ФЕК 234), Бекмаханбет Данагуль (ФЕК 232) марапатталды.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар олимпиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтайды, оқуда одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!

 

  alt=  

 

  alt=  


 




Кері оралу