қазақша · русский · english
 
 
 
28.05.2024

 

Профессор Марат Құлбекұлының 75 жылдығына арналған

«Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» ғылыми-семинары

 

2024 жылдың 28 мамыр күні сағат 10.00-де физика кафедрасының атақты ғалым, көрнекті ұстаз техника ғылымдарының докторы, физика профессоры, Ресей жаратылыстану Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құлбек М.Құлбекұлының 75-жылдық мерейлі жасына арналған кеңейтілген мәжілісі, соңынан ғылыми семинары өтті. Семинарда профессор М.Құлбекұлы «Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» тақырыбына ғылыми баяндама жасап, қызу пікірталас жасалды.

Профессор М.Құлбекұлының еліміздің жоғары білімі мен ғылымына сіңірген зор еңбектерін ескеріп кәсіподақ тарапынан көңіл бөлініп, өз кезегінде алғыс хатын ректор атынан құттықтау қағазы жіберілді

 

    


 

 




Кері оралу