қазақша · русский · english
 
 
 
18.12.2024

Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай физика кафедрасының марапат иелері

 

2024 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Б.А. Тілеп қызметкерлерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және университеттің төсбелгілерімен марапаттады. Аталған оқу орнында ғылым мен білімді дамытуда қосқан үлесі үшін физика кафедрасының қауым.профессор м.а. Е.К. Жаменкеев пен факультет деканы, профессор Ш.И. Хамраев арнайы төсбелгілер мен марапатталды.

 

Құрметті әріптестер! Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз! Бұл марапаттар сіздердің жоғары кәсіби және жеке қасиеттеріңіздің айқын дәлелі болып табылады. Сіздерге әрі қарай да сәттілік, армандарыңыздың жүзеге асуы, ауқымды мақсаттардың тезірек орындалуы және еліміздің гүлденуіне арналған жемісті ғылыми жұмыстар тілейміз!

 

  alt=  




Кері оралу