
Физика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Математика, физика және информатика факультеті / Кафедралар / Физика кафедрасы / Жаңалықтар
10.11.2025
Академик А.И. Купчишиннің 80 жылдығы аталып өтті
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Анатолий Купчишиннің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Зиялы қауымға оның есімі ядорлық физика, элементар бөлшектер мен сәулелені физика саласындағы зерттеулермен белгілі.
Математика, физика және информатика факультеті кеңесінің салтанатты отырысында студенттерге профессордың отандық ғылымға сіңірген еңбегі, өнегелі өмір жолы баяндалды. Университеттің зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтанұлы ғалымның орасан еңбегіне тоқталып, университет ректоры Болат Анапияұлының құттықтауын жеткізді. А.И. Купчишиннің негізгі ғылыми бағыттарының бірі – ядролық реакциялар мен бөлшектердің өзара әрекеттесуін зерттеу. Ол энергиясы жоғары бөлшектердің затпен әрекеттесу процестерін теориялық және эксперименттік тұрғыдан талдап, жаңа әдістемелік тәсілдер ұсынды. Ғалымның еңбектері атом ядроларының құрылымын түсінуге және ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Ғалымның 300-ден аса ғылыми мақаласы, 3 монографиясы және 9 оқулығы, 10 авторлық куәлігі мен патенттелген 20 технологиясы жарық көрген. Сондай-ақ ұстаздық етуден жалықпай шәкірт тәрбиелеп, 4 ғылым докторы мен 12 ғылым кандидатын дайындаған. Академиктің дәрісін тыңдаған мыңдаған шәкірттері бүгінде отандық және шетелдік ғылым-білім салаларында еңбек етеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|