қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2025

80-ші дәстүрлі студенттер мен магистранттар конференциясы

 

2025 жылдың 24 қарашасында Математика, физика және информатика факультетінің физика кафедрасы студенттер мен магистранттардың 80-ші жыл сайынғы дәстүрлі конференциясын өткізді. Конференцияға кафедраның «6В05302-Физика» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттері және «7М05302-Физика» білім беру бағдарламасының 1-2 курс магистранттары белсенді қатысты.

 

Конференцияның басты мақсаты - білім алушылардың ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулер саласындағы білімді байыту, ғылыми ойлауын және өздерінің ғылыми хабарламаларын көпшілікке жеткізу дағдыларын дамыту.

 

Профессор-оқытушылар құрамынан құралған комиссия мүшелері баяндамашылардың еңбектері мен олардың ғылымға деген қызығушылығын жоғары бағалады.

 

Конференцияда жоспарланған мақсаттарға толығымен қол жеткізгені атап өтілді. Студенттер мен магистранттар теориялық, эксперименттік және практикалық дайындықтан өтті. Физика кафедрасының атқарған жұмысы жас мамандардың ғылым жолындағы шеберлігін арттыруға және мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз!

 

Магистранттар:

І дәрежелі Диплом: Асқаров Н.М., Сейдалиева А.Р.,

ІІ дәрежелі Диплом: Аймагамбетова А.Ж., Қалмахан А.Б.,

ІІІ дәрежелі Диплом: Дидарбек П.Б.,

 

 

Студенттер:

І дәрежелі Диплом: 4 курс, Абдығалым А.,

ІІдәрежелі Диплом: 3 курс, Умбетьяр Ж., Оралбаева Ж.

ІІ дәрежелі Диплом: 4 курс, Даулетжан А., Жумабай К.

 



  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу