қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2019

Ғылым декадасына арналған «Болашақ физик - 2019»

конкурсы өткізілді

 

2019 жылдың 2 сәуірінде «Физика» кафедрасының ұйымдастыруымен Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу пәні бойынша «5В011000-Физика» мамандығының 2-курс студенттері арасында «Болашақ физик - 2019» конкурсы өткізілді. Біздің мақсатымыз - студенттерге белгілі бір бағытта және физика саласында кәсіби дамуына көмектесу, сондай-ақ студенттердің танымын кеңейтумен қатар болашақ физикті дұрыс тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру.

 

Конкурс 4 турдан тұратын сайыс түрінде өтті. 6 команда қатысты. Әрбір команда физикалық процестерді компьютерлік модельдеу бойынша екі жұмыстан көрсетті. Әрбір жұмыстың физикалық мағынасын ашып айтып берді.


Командалық ұпайлар есептеліп, конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

 

   

 

  




Кері оралу