|
| |
Алматы қаласы, Медеу ауданды, №19 жалпы білім беретін мектепте география пәндерінен өткізілген педагогикалық практиканың жалпы есебі (16.01.2017-18.03.2017ж)
Практикаға қатынасқан студенттердің тізімі. 5В011600-География мамандығының (ГЭК) 4 курс студенттері: 1. Абдуғани Мейір 2. Еділ Бақдәулет 3. Жумабаева Аселия 4. Меденова Асель 5. Нұрғалық Жансая 6. Нұрқияс Айдана 7. Нұрымбет Ақерке 8. Сабырбай Салтанат 9. Саттар Ұлбосын 10. Серикбосынова Айдана Педагогикалық практика, Алматы қаласы, Медеу ауданды №19 Жалпы білім беретін мектепте 2017 жылдың 16.01-18.03 айлары аралығында өткізілді.
16.01.17 ж. күні сағат 10:00-де «5В011600-География» мамандығының студенттеріне «Педагогикалық іс-тәжірибеден» өтуге байланысты конференция болды. Конференцияда Институтымыздың деканы Каймулдинова Күлаш, кафедра жетекшілері және практика жетекшілері сөз сөйлеп, мектептегі практиканттың атқаратын мінтеттері, практиканың мақсаты және студенттерге қойылатын талаптар туралы айтылды. Сонымен бірге мектептегі жүріс-тұрыс ережесі, киім үлгісі, сөйлеу мәнері т.б. сол сияқты қағидаларды ескертілді. 17.01.17 ж. күні сағат 09:00-де №19 ЖББ мектепке келіп, мектеп басшылығымен таныстық. Мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және география пәнінің мұғалімі Карибжанова Дариға апаймен және сынып жетекшілерімен таныстық. Кездесу барысында студенттерге төмендегідей сыныптар бөлініп берілді. 1. Абдуғани Мейір, 7«Ә» 2. Еділ Бақдәулет, 7«А» 3. Жумабаева Аселия, 7«А» 4. Меденова Асель, 6«А» 5. Нұрғалық Жансая, 6«Ә» 6. Нұрқияс Айдана, 7«А» 7. Нұрымбет Ақерке, 6«Ә» 8. Сабырбай Салтанат, 7«А» 9. Саттар Ұлбосын, 6«Б» 10. Серикбосынова Айдана, 6«Ә» сыныптары. Сол кезден бастап әр практикант өз сыныбымен тығыз байланыста болып, сынып жетекшілік қызметін атқарды. Сынып журналын толтыру мен сыныптағы оқушылардың сабаққа қатынасы, үлгерімін бақылады. 16.01-18.03 айлары аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында студенттер 12 сабақтан өтуге және 1ашық тәрбие сағатын өту және 1 барлық студенттер ат салысқан мерекелік іс-шара өткізу жүктелді. Студенттердің өткізген сабақтарының саны және тақырыбы. Ескерту: бұл жердегі тақырыптар а,ә,б,в сыныптарында қайталанып өтілді. Практика барысында география және жаратылыстану пәндері бойынша сабақ өтіп, сабақ жоспарын жасауды, дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтуді үйренді. Топпен жұмыс жасау, жеке индивидуалды түрде жұмыс жасау, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату сынды ерекшеліктерді толықтай меңгерді. Әдеп, жүріс-тұрыс ережелерін сақтай отыра сөйлеу мәнерін үйренді. Сынып сағаттарын өткізу арқылы, оқушыларға тәрбие беру, бойларындағы адамгершілік, сыйластық, жақсы көру сынды асыл қасиеттерін оятып, дамытты деп ойлаймын.. Психологиялық тұрғыдан зерттеу жүргізді. Келесі тапсырма ол барлық студенттерді қамтыған мерекелік іс-шара өткізу болатын.Сондықтан, наурыз айының 1 мен 18-і аралығында «География, биология және химия» пәндерінің « Жер Ана ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол жердің құндағы!» атты мектепішілік апталықтың ашылу салтанаты болды. Білімді, тапқырлықты, әдептілікті қамтыған концерттік бағдарлама «өте жақсы» деңгейде өтті.. Іс-шараның өтілуіне студенттер түгелдей дерлік ат салысты. Шараны тамашалап, бағалауға практика жетекшісі Абулгазиев Андрей және Қазақстан географиясы және экология кафедрасының доценті Омаров Қайрат, Психология кафедрасының доценті Асылханова Меруерт, Ботаника кафедрасының аға оқытушысы Жамилова Сәуле, пән мұғалімі Карибжанова Дариға және басқа пәндердің мұғалімдері қатынасты.
Алматы қаласы №58 жалпы білім беретін мектепте өткен «География-туризм» мамандығының 4 курс студенттерімен өткізілген педагогикалық практиканың есебі. Әдіскер Иркитбаев С.Н
|