қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2020

«Өнердегі сырлар» студенттік онлайн-байқауы

 

2020 жылы 16 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбековтің қолдауымен «Көркем білім» және «Дизайн» кафедрасының ұйымдастыруында ZOOM жүйесі арқылы онлайн-байқау өтті.

 

Қашықтан оқытуға көшуге байланысты студенттердің шығармашылыққа қызығушылғын арттыру мен ұлттық құндылықтарды бейнелей отырып, тәрбиелік мазмұнға сай шығарма орындауға мүмкіндік беру мақсатында сурет, кескіндеме, дизайн, сәндік қолөнер, графика бөлімдері бойынша ұйымдастырылған байқауға 174 студенттің шығармашылық жұмыстары келіп түсті.

 

Әділқазылар алқасының мүшелері - ӨМжСИ директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Кайшыбеков, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Ерболат Кісімісов, оқытушылар Құрман Қалиұлы, Мәлик Қайдаров, Серғазы Жаманқараев, Базар Ырыстанұлы.

 

Байқау нәтижесі бойынша әр бөлімде: 1-ші орын -1 жүлде, 2-ші орын -2 жүлде, 3-ші орын - 3 жүлде алған студенттер арнайы дипломдармен марапатталды.

 

Байқауға ӨМжСИ-дің директордың ғылыми және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова, «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Сайлайбек Тәукейұлы және т.б институттарымыздың профессор-оқытушылар құрамы және студенттері қатысты.

 

Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген іс-шарада студенттер ұлттық құндылықтар мен жаңа заман шығармашылығын сәйкестіре отырып, жаңа туынды жасау мен өзінің ой-талғамын дамытуға мүмкіндік алды. Онлайн-байқау өз деңгейінде жақсы өтті. https://youtu.be/pv7UFsoE7uM

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу