қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2022

«Ұстаздарға арнау» шығармашылық көрме ашылды

 

2022 жылы 1 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» сурет галереясында ҚР суретшілер одағының мүшесі Салауатов Бабабектің 70 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаздарға арнау» шығармашылық көрме ашылды. Көрмені «Көркем білім» кафедрасы ұйымдастырды.

 

Жұмыстың шығармашылық деңгейі, орындалу техникасы және бояудағы түрлі түсті шешімдер автордың ерекше өзіндік қолтаңбасын көруге болады. Студенттер үшін бұл көрменің тәрбиелік мәні үлкен.

 

Көрменің ашылу салтанатына Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Искаков Тайыржан Бахытбайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Берікбол Рахат, дтректордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Байқұтов Кәрім,, Өмірбеков Байтұрсын - профессор, Ресей Өнер академиясының құрметті мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі Әсембайұлы Асан қатысып сөз сойледі. Сөз сөйлегендер әріптесін шын жүректен құттықтап, оған жаңа табыстар мен шығармашылық ұзақ өмір тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу