қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2023

«Ағашты көркемдеп өңдеу соның ішінде домбыра жасаудың әдістері» шеберлік сабағы


2023 жылғы 2 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасында оқытушы Талғат Жанасыловтың «Ағашты көркемдеп өңдеу соның ішінде домбыра жасаудың әдістері» шеберлік сабағы өтті.


Шеберлік сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дизайн және инженерлік» кафедрасы меңгерушісінің м.а., қауымдастырылған профессор Т.К. Самуратова және доцент Ж.К. Ермакова қатысты. Шеберлік сабақ барысында екі университет арасында байланыс орнату және оқытушылардың тәжірибе алмасуы талқыланды.

 

  alt=  

 




Кері оралу