қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2023

«Дәуірлердің дара Дәулеті» көркем көрмесі


2023 жылдың 30 қарашасында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Өнер, мәдениет және спорт» институтының көркемдік білім беру кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қайшыбек Еркіннің «Дәуірлердің дара Дәулеті» тақырыбында жеке көрмесі өтті. Іс-шараға белгілі спортшылар мен Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Шыңғыс Нұрланов қатысып, көрмені университет ректорының атынан құттықтау сөзімен ашты.


Қазақтың ұлы балуаны Қажымұқан бейнеленген туындылар ерекше орын алды. Көрмеге қатысқан студенттер ұлттық спортты жоғары деңгейге көтерген спорт қайраткерлерінің, тарихи тұлғалардың бейнелерін көріп, жарқын әсер алды. Автор барлық қатысушыларға өз алғысын білдірді.


Е. Қайшыбекке жаңа шығармашылық табыс тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу