қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2023

«Ұлттық құндылықтар негізінде отаншылдыққа тәрбиелеу» тақырыбындағы қалалық семинар

 

2023 жылдың 6 желтоқсанында Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №211 мектеп-гимназиясында «Ұлттық құндылықтар негізінде отаншылдыққа тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу болды.

 

Семинарға суретші, ұлттық саз аспаптарын жасаушы шебер, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Ж.А. Тұрдығұловпен қатысты. Ол Абай университеті Өнер, мәдениет және спорт институты көркем өнер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірігіп шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізді. Дәстүрлі сәндік өнер бұйымдары домбыра, текемет, шым ши, ақ басқұр, тері және зергерлік бұйымдармен қатар сурет өнерінің туындылары да келушілердің назарына ұсынылды. Аға оқытушы, Е.У Құлжабаев., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а., З.Ж. Рабилова оқушылардың ғылыми жұмыстарын бағалауда әділ қазылар алқасы қатарында болды. Университет профессоры С.К. Жаманкараев сурет салу өнерінен, аға оқытушы Б.А. Атамкулов зергерлік өнерден және магистр, университет доценті М.С. Нұрке сәндік қолөнердің киіз басу техикасынан шеберлік сабақтар өткізді. Семинардың балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, мәдениет пен өнер арқылы әдемі әлемге баулу, ел тарихының маңыздылығы мен онда өз іздерін қалдыру, отансүйгіштікке және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени мұраны сақтау сияқты негізгі мақсаттарын ашуда көркем білім кафедрасының ПОҚ өз үлестерін қосты. Сондай ақ болашақ мектеп түлектерімен Абай университетін таңдаудың ұтымды жақтары талқыланып, кәсіптік бағыт-бағдар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу