Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары қалалық шеберлік сабақтарын өткізді
2025 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» және «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында қалалық шеберлік сабақтары өтті.
Іс-шара Алматы қаласы бойынша қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне, сондай-ақ Түрксіб ауданы мектептерінің «Бейнелеу өнері» және «Технология» пәндері мұғалімдеріне арналды.
Аталған шеберлік сабақтарын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары - Жаманқараев Серғазы Құсайынұлы, Аденова Ляззат Жолдаспаевна және Құлжабаев Есенкелді Ұсабайұлы «Ұлттық бұйымдар - ұлт қазынасы» тақырыбында өткізді.
Шеберлік сабақтарының мақсаты - ұлттық мәдени мұраны білім беру үдерісіне тиімді енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде шығармашылық әлеуетті дамыту. Іс-шара барысында қатысушыларға ұлттық бұйымдардың тәрбиелік, эстетикалық және қолданбалы маңызы жан-жақты түсіндіріліп, практикалық жұмыс үлгілері ұсынылды.


